«Астана» жеңіске жете тұра, тең нәтижеге қол жеткізді

УЕФА Чемпиондар Лигасының бесінші раундында «Астана» өз алаңында «Бенфиканы» қабылдап, ұпай бөлісті

«Астана-Аренада» өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Есепті алғаш болып алаң иелері ашты. 19-шы минутта Джуниор Кабананга сол қапталдан айып алаңына қарай керемет пас асырған болатын. Допқа басын тосқан ганалық шабуылшы Патрик Твумаси ташама голдың авторы атанды.

31-ші минутта португалиялықтар ойын тәртібін бұзып, өз қақпаларына айып соққысын белгіленуіне жағдай жасады. Нүктеге жақындаған Фокси Кетевоама Джулио Сезар қорғаған қақпаға қарай пас аралас соққы бағыттады. Допқа жолай арқасын тосқан Марин Аничич есепті еселей түсті.

Алғашқы таймның аяқталуына бес минут уақыт қалғанда, таблодағы көрсеткішке өзгеріс енді. Жонас оң қапталда еркін сытылып шығып, Рауль Хименеске пасты қолмен қойғандай естіп берді. Мексикалық шабуылшы өз кезегінде, бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді.

70-ші минутта Жонас және Хименес жұбы таразы басын теңестіріп кетті. Дмитрий Шомкодан айласын асыра білген Жонас мексикалыққа айып алаңына ене берісте құйтұрқы пас берді. Хименес тепкен доп қақпа бағанасына тиіп, ішке еніп кетті. Ненад Эрич бұл жерде еш нәрсе істей алмады. Қорытынды есеп — 2:2.

Осылайша, «Астана» өз тобында 3 ұпаймен соңғы орында келеді. Ал, 10 ұпай жинаған «Бенфика» 1/8 финалдық кезеңді толықтай шешіп қойды.

Футбол. УЕФА Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең. 5-ші тур.

«Астана» (Қазақстан) — «Бенфика» (Португалия) 2:2 (2:1)

Голдар: Твумаси 19 (1:0), Аничич 31 (2:0) — Хименес 40, 70 (2:2)

25.11.2015. Астана, «Астана-Арена».

Дереккөзalaman.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Журналист Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды

БАҚ-та журналист Михаил Козачковтың шартты мерзімге сотталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Қайрат Боранбаев сот алдындағы соңғы сөзін айтты

Бүгін елорданың Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаев соңғы сөзін сөйледі.

Президент: Ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп жатыр.

Amanat партиясы мәжіліске өткен депутаттар тізімін жариялады

Amanat партиясынан мәжіліске кімдер өткені белгілі болды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңадан сайланған мәжіліс депутаттары ант берді

VIII сайланған мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін

Қасым-Жомарт Тоқаев су тапшылығының алдын алу үшін жаңа тариф саясатына көшу қажет екенін мәлімдеді.