Аты аңызға айналған жүзгіш финалда 200 метрлікті бір минут 54,66 секундта жүзіп өтті.
Екінші орын 1.56,61 нәтижесімен Жапония өкілі Косуке Хагиноға бұйырса, қоланы қытайлық спортшы Ван Шуня (1.57,05) иеленді. Осы қашықтықта әлем рекордын орнатқан америкалық Райан Лохте (1.57,47) бесінші орынға тұрақтады.
Бұдан бұрын атақты америкалық жүзгіш Фелпс баттерфляй әдісімен 200 метрлік қашықтықта және еркін стиль эстафетасында жүзуден Олимпиада ойындарының екі алтынын еншілеген.
Фелпстің есебінда барлығы 26 медаль.