Нұрсұлтан Назарбаев Канада мен Мексикадағы елшілерге лауазым қосып берді

Бұдан былай Ақылбек Камалдинов Қазақстанның Канада мен Кубадағы, Андриан Елемесов Мексикадағы, Панамадағы, Коста-Рикадағы, Доминикандағы және Ямайкадағы елшісі болады.

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz

Қазақстан Республикасының Канададағы және Мексикадағы елшілеріне қосымша лауазымдар берілді. Бұл туралы тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы қызметін қоса атқарушы қызметіне және Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы және Ямайкадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.