Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық өнім...

Қазақстандық өнім Мәскеуде «Жыл тауары» атанды

Мәскеуде XXII World Food Moscow 2018 халықаралық азық-түлік көрмесі өтті. Онда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қазақстандық 11 өндіруші-компания ұсынған ұлттық тақтаны таныстырды. Осы арқылы отандық өндірушілердің сыртқы сауда нарығын кеңейтіп, жаңа серіктестер табуына мүмкіндік жасады.

Бүгінгі таңда біздің компаниямыз Қазақстан нарығында шай және дәмдеуіш өндіру бойынша озық тұр. Аталған көрме жаңа дистрибьюторларды табуға ғана емес, сонымен қатар серіктестермен кездесуге, барлық жоспарларды осы жерде талқылауға мүмкіндік берді, — дейді «Малу» ЖШС жетекшісі Василий Грищенко.

«Малу» ЖШС өнімдері осымен екінші жыл World food Moscow көрмесінде «Жыл тауары» марапатына ие болды.

Өткен жылы біз шайымызбен «алтынға» ие болғанбыз, осы жылы дәмдеуіштердің «Магия вкуса» және «Гурман» атты қос маркасы бізге «күміс» алып келді, — деді компания директоры.

World Food Moscow 2018 көрмесіне 1500-ден астам ресейлік және әлемнің 65 елінен келген шетелдік компания, 17 федералдық және аймақтық желі, азық-түлік пен сусын импорттаушылар мен ірі дистрибьюторлар қатысты.

ДереккөзInform.kz