Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанға барады

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанға барады

Алдағы жұмада ТМД елдері басшылары ұйым жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мәселесін талқылайды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар туралы мәліметті жария етті.

28 қыркүйекте Қазақстан Президенті Душанбеде өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Басқосуда тараптар Достастық мемлекеттері ықпалдастығының келешегіне қатысты ой-пікір алмасып, ұйым жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мәселесін қарастырады, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының саммитте бірқатар екіжақты кездесу өткізуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына және Шымкентке барады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version