«Қазгидромет» РМК мамандары 25-27 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, республиканың батыстан басқа көптеген облысында жаңбырға себеп болған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысты.
Ал Қазақстанға антициклон жылжыды. Бірақ ол да ұзаққа созылмайды. Батыс облыстарға суық атмосфералық фронттар жылжи бастады, онымен бірге алдағы үш тәулікте батыс және солтүстік-батыс облыстардың кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және батыстан екпінді жел соғады.
Қазақстанның қалған аумағында бұл күндері күн ашық, ал ауа температурасы осы кезеңге тән климаттық нормадан жоғары болады.