Шалқарбек Тәліпов қазақстандықтарға табысты бизнесмен ретінде танымал. Ол — ORDA INVEST корпорациясының негізін қалаушы. Baribar.kz оның өмірінің бірнеше дерегі туралы әңгімелейді.
Шалқарбек Тәліповті бала кезінде оның аула үйірмесіндегі мұғалімі шығармашылыққа қызықтырған. Ол шәкіртін алты жыл бойы шығармашылыққа баулыды, төзімділікке, жауапкершілікке үйретті. Шалқарбек соның ақыл-кеңесі арқасында жас күнінде-ақ адам кез келген қиын жағдайда өз бетімен шешім қабылдай білуі керек екенін түсінді.
Тәліповтің медицинаға құмарлығы да бала кезінде басталды. Ол бірде әкесінің жұмысына барған еді, содан кейін оған биология, химия мен анатомияға байланыстының бәрі қызық болды. Бұл оның көп кітап оқып тауысуына ықпал етті.
Шалқарбек Тәліповтің айтуынша, ол жауапкершілігі мол бала болды. Үйде жалғыз қалдырып кеткенде ол кілтті мойнына тағып алатын, бірақ есікті құлыптауды жиі ұмыта беретін. Бұл үшін әкесінен талай сөз де естіді.
Отбасы — баға жетпес байлық, — дейді кәсіпкер.
Шалқарбек Нұрылдаұлы болашақ жарымен үйленгенге дейін үш жыл бірге жүрді. Бүгінде ерлі-зайыпты үш тамаша ұл бағып отыр. Шалқарбек Тәліпов өзін тұрақты адам деп есептейді.
Бизнесменнің өмірінде қиындық та болды. Жас отбасы екі баламен Астанаға көшіп барған кезде ұзақ уақыт бойы жатақханада тұруға тура келді. Кәсіпкердің айтуынша, бұл қиындық оны шыңдай түсті.
Алған тәжірибеңді кейін бағалай білу үшін әрбір адам қиындықты бастан өткеруі тиіс, — дейді ол.
Өмірдің көп сынағында Шалқарбек Нұрылдаұлы өз интуициясына арқа сүйейді.
Әркімнің өз бойында жетілдіруі тиіс қасиеттері — түйсік пен сенім, — дейді Шалқарбек Тәліпов.
Кәсіпкер өзінің алғашқы миллионын 2010 жылы тапқан. Жылдар өткен сайын бизнесін дамытып келе жатыр.