Әуе билеттері арзандауы мүмкін

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутаттар әуе билеттері бағасының жоғары болуы туризмді дамытуға кедергі болып отырғанын атап өтті.

Ал ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев бұл бағытта министрлік тиісті жұмыстарды атқарып жатқанын айтты.

Бізде балаларға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға арналған жеңілдіктер ескерілген жолаушыларды тасымалдау ережелері бекітілген. Дегенмен, тасымалдау құнына қатысты мәселе әлі де бар. Қазіргі кезде Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, ұшақтар паркін өзіміздің авиакеросинмен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыс жүріп жатыр. Алдағы жылы ұшақтар паркін толық отандық авиакеросинмен қамту жоспарланып отыр. Менің ойымша, келесі жылы оң нәтиже байқалады,-деді Тимур Тоқтабаев.

Оның айтуынша, билет құны бірнеше индикаторлар есебінен қалыптасады. Соның ішінде авиаотын бағасы негізгі көрсеткіш болып отыр.

ДереккөзІnform.kz