Маусым айының ортасында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Чиншанлоны және тағы үш қазақстандықты жарыстардан шеттеткен болатын. Олимпиада-2012 ойындарындағы допинг сынамасын қайта тексергеннен кейін осындай шешім шығарылған. Оларды жазалау шаралары әлі күнге дейін шыққан жоқ.
Нидің айтуынша, Чиншанло мансабын аяқтау жайлы ойланып жүрген жоқ, ол 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр.
«Маған Зүлфия хат жазды. «Сіз менің салмағымда өнер көрсеткендерді көрдіңіз бе? Токиода мен барлығын жеңемін». Хатының соңына тапанша смайлын жіберіпті. Қазір турнир аяқталсын, үйге қайтып, жұмысты бастаймыз. Қыздар арасында Зүлфия өнер көрсететін салмақ дәрежесіндегі спортшылар өте әлсіз», — деді Ни.
Еске салайық, 48 келі салмаққа дейін Риода Қазақстан намысын Зүлфия Чиншанлоның орнына Маргарита Елисеева шығып, бесінші орын алған еді. Бас бапкердің айтуынша, оған Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсеткен Маринаға тәжірибе аздық еткен.
Зулфияның көк туымызды желбірететініне еш күмән жоқ. Біз саған сенеміз!
Жасасын біздің спортшыларымыз! Енді Токиоға жақсылап дайындалу керек. Бастысы айып болсын, басқа болсын намысты қолдан жібермеу керек.
Қарындасымның ниетіне ризамын. Алла қаласа Токиода медальдарымызды дәлелдейміз.
Дұрыс айтады, әзірлік жұмыстарын ертерек бастағаны дұрыс. Келесі олимпиада ойындарында тек жеңіс күтеміз.
Біздің барлық спортшыларымыз мықты! Аяқтан шалу болды деп есептеймін.
Спортшыларымыздың бағындырар асулары көп болсын! Дегеніңе жет!