Маусым айының ортасында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Чиншанлоны және тағы үш қазақстандықты жарыстардан шеттеткен болатын. Олимпиада-2012 ойындарындағы допинг сынамасын қайта тексергеннен кейін осындай шешім шығарылған. Оларды жазалау шаралары әлі күнге дейін шыққан жоқ.
Нидің айтуынша, Чиншанло мансабын аяқтау жайлы ойланып жүрген жоқ, ол 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындалып жатыр.
«Маған Зүлфия хат жазды. «Сіз менің салмағымда өнер көрсеткендерді көрдіңіз бе? Токиода мен барлығын жеңемін». Хатының соңына тапанша смайлын жіберіпті. Қазір турнир аяқталсын, үйге қайтып, жұмысты бастаймыз. Қыздар арасында Зүлфия өнер көрсететін салмақ дәрежесіндегі спортшылар өте әлсіз», — деді Ни.
Еске салайық, 48 келі салмаққа дейін Риода Қазақстан намысын Зүлфия Чиншанлоның орнына Маргарита Елисеева шығып, бесінші орын алған еді. Бас бапкердің айтуынша, оған Олимпиада ойындарында бірінші рет өнер көрсеткен Маринаға тәжірибе аздық еткен.