Басты бет Жаңалықтар Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды

2013 жылғы әлем чемпионы, 32 жастағы Біржан Жақыповтың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды.

Рио шаршы алаңына 8 тамызда көтерілетін Біржан намибиялық Маттиас Хаммуниеломен жұдырықтасады.

Маттиас алғашқы жекпе-жегінде әзірбайжандық боксшыны жеңіп, жанкүйерлерді таң қалдырған болатын. Енді ол тәжірибелі Біржан Жақыповпен қолғап түйістіреді.

Біржан Жақыпов Олимпиада ойындарына осымен үшінші рет қатысып отыр. 2008 жылғы Бейжің және 2012 жылғы Лондон ойындарында ол қытайлық Зоу Шиминге есе жіберді.

Ал Қазақстан құрамасы боксшыларының жартысына жуығы турнирді екінші айналымнан бастайды. Ал 60 келідегі Берік Әбдірахманов алғашқы жекпе-жегінде америкалықтан ұтылып қалды.

2 пікір

  1. Жараткан ием ози жар болсын Казакстаннын букил спортшыларына. Ауыр атлеттеримизге жасаган киянаттарына ерегискенде алтын алсак кой ширкин.АЛЛА жар болсын!!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version