Шымкент әкімінің төрағалығымен мәдени кеңес құрылмақ

— Кез келген қоғамда көптеген дүниені сатып алуға болады. Алайда сатылмайтын бір құндылық бар. Ол—рухани әлем мен өнер саласы. Жуырда инвестициялық сапармен мәдениеті мен өнері дамыған Еуропа төріндегі Испанияның Барселона қаласында болдым. Қарт шаһар тұрғындарының өз құндылықтарына деген сүйіспеншілігі мен құрметі мені таң қалдырды. Біз Шымкент қаласын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еліміздегі Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші қалаға айналдыру үшін тек ірі сәулет нысандарымен ғана шектеліп қалмауымыз керек. Ол үшін өңір тұрғындарының мәдениет деңгейіне, өз шаһарын көздің қарашығындай қорғап, аялауға үйретуіміз қажет. 2200 жылдық тарихы бар Ұлы Жібек жолы бойындағы шаһардың шежіресін халыққа үгітей білуіміз қажет. Бұл тұрғыда сіздер мәдениет және өнер саласының қызметкерлерінің мойнына артылар жүк ауыр. Бұл мәселені сіздермен бірлесіп жеңеміз деген ойдамын, — деді қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Шымкент әкім

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актер Сапар Өтемісов шаһар басшысына театрға қонақ болып жиі келіп тұруға шақырып, өз алғысын айтты. «Оңтүстік фильмнің» директоры Батырхан Дәуренбеков «Сақ» киностудиясының дайын өнімі «Қазақ Елі» анимациялық фильмінің жарнамасын көрсетіп, ұлттық рухты көтеретін осындай фильмдердің Шымкент қаласында жасалғандығы өңіріміз үшін мақтаныш екендігін айта келе, миллионға жуық тұрғыны бар шаһарда «Балалар киностудиясы» ашылса деген ұсынысын айтты. Облыстық «Бейнелеу өнері» мұражайының директоры Айнабек Оспанов шаһар басшысына қаламыздағы білім ұяларын рухани әлемге жиі экскурсиялауға ықпал етуін сұрады. Бірқатар өнер майталмандары Шымкенттің өнер мен руханияттың орталығына айналып келе жатқандығын тілге тиек ете келе, қала көшелерінде театрлардың жаңа қойылымдарының жарнамалары аз екендігін, мүмкіндігінше өнер адамдарының еңбегін үнемі жалпыға жария етуін сұрады.

Ауызша, жазбаша берілген сұрақтарға тұшымды жауап беріп, сала басшыларына сол мезетте тапсырма берген қала әкімі Ғ.Әбдірахымов жуық арада өзінің төрағалығымен мәдениет және өнер саласының кеңесін құратындығын, әр тоқсан сайын дөңгелек үстел басында жиналып, елдік мәселелерді кеңесетіндігін жеткізді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Ұлттық статистика бюросы 1 мамырда жаңартылған Қазақстан халқының саны туралы мәліметті ұсынды.

Президент интернеттегі авторлық құқықты сақтау туралы заңды ратификациялады

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД шеңберінде интернеттегі авторлық құқықты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

«Зияны аз әрі қоқыс шықпайды»: ASUS Zenbook S 13 OLED ноутбугының несі тиімді?

ASUS дүниежүзіндегі ең жұқа әрі жеңіл нотубуктың бірі, экологияға зияны әлдеқайда аз, кез келген жерде қолдануға болатын Zenbook S 13 OLED (UX5304) ноутбугын шығарды.

Таиландта теңізге түскен қазақстандық жансақтау бөлімінде жатыр

Таиландта теңізге түскен қазақстандық көп су жұтып қойған, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Енді мемлекеттік күзет қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауапты болмауы мүмкін

Мемлекет басшысының мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жарлығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.