Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Универсиада-2017 ресми елшісі атанды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Қапшағайдағы «Болашағыңды басқар» лагерінің ашылуында мәлімдеді.
Қанат Ислам биылғы жылдың қазан айында кезекті жекпе-жегін Алатау ауданында құрылысы жаңадан салынып біткен спорт алаңында өткізбек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы: «Қанат 21 рет жекпе-жекке шығып, 21 рет жеңіске жеткен боксшы. 22-ші кездесуін ол жаңа спорт алаңында өткізеді. Әлемде осындай бес спорт зал бар болса, соның бірі бізде», — деді. Сондай-ақ, ол жастарды отандасымызды қолдауға шақырды.