Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Фото: Аlashakparat.kz

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізге, марқұмның отбасына және туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Чан Дай Куанг бар ғұмырын Вьетнамның дамуы мен өркендеуіне, халықаралық аренадағы беделін арттыруға арнады. Ол елдеріміз арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ретінде қазақстандықтардың есінде қалады», — делінген жеделхатта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version