Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұрсұлтан Назарбаев Путинге көңіл айтты

Фото: Egemen.kz

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Сирияда ИЛ-20 ұшағының апаты салдарынан Ресей әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.

Көшбасшылар алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Тәжікстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын талқылады.

Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі 17 қыркүйекте Мәскеу уақытымен шамамен 23.00-де Жерорта теңізі маңында ресейлік IL-20 ұшағының S-200 зымыранымен атылғанын хабарлады. Апат салдарынан 15 ресейлік әскери қызметші қаза тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version