Депозиттер бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекітілді

Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді және жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекітілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Енді жеке тұлғалардың салымдары мерзімді, мерзімсіз және жинақ болып жіктеледі.

Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері салымның түрі мен мерзіміне, мерзімінен бұрын алу құқығы мен толықтыру құқығына байланысты сараланады. Осыған байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жаңа ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде – барлық салымдар түріне, төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы ақшаға) кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 27 банк кіреді.

ҚДКБҚ кепілдігі жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық депозитіне қатысты.

Төмендегі кестеде тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттер категориясы келтірілген:

Тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар

депозиттер категориясы

Толықтыруға құқығы жоқ салымдар бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме

(ЖТСМ*)

Толықтыруға құқығы бар салымдар бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме

(ЖТСМ*)

Кепілдіктің ең жоғарғы сомасы
1. Ұлттық валютадағы мерзімсіз салымдар  

10,50%

 

10 млн теңге

2. Ұлттық валютадағы

мерзімді депозиттер

3 айға дейін қоса алғанда 11,00% 10 млн теңге
6 айға дейін қоса алғанда 11,80% 11,00% 10 млн теңге
12 айға дейін қоса алғанда 12,00% 11,00% 10 млн теңге
24 айдан жоғары 12,50% 10,50% 10 млн теңге
3. Ұлттық валютадағы жинақ салымдар
3 айға дейін қоса алғанда 12,00% 15 млн теңге
6 айға дейін қоса алғанда 12,80% 12,00% 15 млн. теңге

 

12 айға дейін қоса алғанда 13,00% 12,00% 15 млн теңге
24 айдан жоғары 13,50% 11,50% 15 млн теңге
4. Шетел валютасындағы депозиттер  

1,00%

 

5 млн теңге

 

Шетел валютасындағы салымдар бойынша қолданыстағы тәсіл сақталады, сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзіміне қарамастан бірыңғай болады және 1% деңгейінде сақталады.

Салымдарды жіктеу және бекітілген ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 1 қазаннан кейін қабылданатын немесе ұзартылатын жеке тұлғалардың салымдарына қатысты болады. 1 қазанға дейін қабылданған салымдарға бұрын жасалған шарт талаптарына сәйкес қызмет көрсетіледі. Салымдардың жаңа жіктеуі халыққа жинақ ақшаларды сақтау үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады.  

Салымдардың жаңа жіктеуі (мерзімді, мерзімсіз және жинақ депозиттер) жинақ ақшараларды орналастыру үшін қосымша опцияларды жасайды. Енді салымшыларға өтімділік пен табыстылықтың әртүрлі деңгейі бар үш категориядағы салымдар қолжетімді. Өздерінің мақсаттарына байланысты салымшылар жинақтарын мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдарға орналастыруына болады.

Мерзімсіз салымдар төменірек табыстылықпен сипатталады, бірақ салымшыларға өздерінің  депозиттерін  қиындықсыз  шешіп   алуға   мүмкіндік    береді.   Мерзімді салымдардың өтімділігі төменірек, бірақ жоғары табыстылықты береді. Салымшылар ең жоғарғы табыстылықты ақшасын жинақ салымға орналастыру арқылы ала алады, онда ақшаны мерзімінен бұрын алу бойынша жоғары талаптар қарастырылған.

Салымның мерзімі сыйақы мөлшерлемесінің көлеміне әсер етеді. Ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесінің төменгісі ең жоғарғы мөлшерлемесі бар ұзақмерзімді салымдармен салыстырғанда қысқамерзімді салымдар бойынша белгіленеді.

Депозитті толықтыру құқығының болуы осындай құқыққа ие емес ұқсас депозитке қарағанда ең жоғарғы мөлшерлемелердің төменгі мәндерін тудырады. Басқаша айтқанда, 12 айға теңгелік стандартты салым 12% сыйақы мөлшерлемесімен шектеледі, ал салымның қосымша опциясы бар депозит мөлшерлемені 11%-ға дейін төмендетеді.