«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында автокөлікті сатып алу оңай болғанымен кейін біраз әуреге түсуіңіз мүмкін», — дейді сарапшылар. Өйткені шетелдік көлікті қайта сата алмайсыз, техникалық бақылаудан да өткізу қиынға түседі.
2014 жылға дейін Арменияға әкелінген автомобильдер Еуразиялық экономикалық одақтың кез келген еліне кедендік рәсімсіз өте береді, тек қайта өңдеу ақысы төленеді. Сол себепті көліктер біздің елге кіргізіліп жатыр. Бірақ логистика, менің ойымша, өте ыңғайлы деп айтуға келмейді, — дейді сарапшы Алексей Алексеев.
Мамандардың айтуынша, бұл сауданың бар артықшылығы бағасының төмен болуында. Іс жүзінде сауданың тиімсіз тұстары көп. Егер Евро-4 стандарттарына сай болмаса және барлық қажетті техникалық сипаттамалары болса, Армениядан әкелінген автокөлік мұнда тіркелмейді, есепке қойылмайды. Мүлікті толық иелену үшін сатып алушы көлік жүргізуге сенімхат алуы керек немесе әріптес елге кетіп, сол жерде меншік құқығын қорғауы керек болады.
Жол жүрісі туралы Заңның 65 немесе 66-бабына сәйкес, бұл көлік жылына бір рет біздің елден шығуы тиіс. Мұндай көлікті сатып алуға қызығушылық танытқандарға айтар кеңесім: автокөліктерді сата алмайсыз, шын мәнінде, көп адам осындай машиналарды сатып алып, одан құтылуға тырысады, өйткені оларға бірқатар шектеулер қойылады — дейді сарапшы Евгений Кубеков.
Армения көліктері техникалық байқаудан Қазақстаннан өтпейді, сол себепті көлік иесі жыл сайын Арменияға барып отыруы керек.
Жарнамалардағы бағаларды салыстырып шықтым. Орта есеппен көлік бағасы — 2,5-3 миллион теңге, одан да төмен бағадағы көліктер бар. Ең қымбат дегенде 5 миллионға дейін барады. Сатып алушы миллион теңгесін үнемдей алады, алайда одан кейін мәселелер шығуы әбден мүмкін, — дейді Алексей Алексеев.
Қазіргі уақытта көлікті сатып алушылар Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында көп көрінеді. Сарапшылардың айтуынша, Алматыда жаппай сатып алу әзірге байқалмайды.