Басты бет Жаңалықтар Дағдарыстан Қазақстан халқының жартысы кедейленіп кеткен

Дағдарыстан Қазақстан халқының жартысы кедейленіп кеткен

Еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне ауысқалы бері еліміздегі инфляция деңгейі былтырғы жылғы 3,8 пайыз болса, биыл 16,7 пайызға дейін өсіп кеткен. Бұл Қазақстандағы кедейшілік деңгейін бағалаған Дүниежүзілік банк дерегі деп хабарлайды 31 арна.

Девальвация тұрғындардың шынайы табысының төмендеуі мен сатып алушылық қабілетіне тікелей әсер етті деген халықаралық сарапшылар, еліміздегі кедейлердің саны халықтың 14 пайызына тең деген қорытынды жасаған. Алайда қоғам қайраткерлері мен әлеуметтанушылар шындығында Қазақстандағы халықтың жартысынан көбі кедейленіп кеткенін айтады.

2008, 2014 жылдары болған қос дағдарыс елді есеңгіретіп, халықтың әл-ауқатын бірден төмендетіп жібергені анық. Тіршілігін жалғауға нәпәқа тапса, шүкіршілік етіп үйренген қазақ арадағы 10-15 жылда байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылық тым ұлғайып кеткендігін байқамай қалған.

Дүниежүзілік банк күнделікті табысы 5 долларға тең, яғни айына 53 мың теңгемен өмір сүріп жүрген адамдарды тас кедейлер қатарына жатқызған екен. Мұнайлы Қазақстанда мұндай адамдар қатары 3-ақ пайыз делінген ресми статистикада. Ал шындығына келгенде тұрғындарымыздың жартысынан астамы кедейшілік деңгейінде өмір сүріп келеді -дейді қоғам қайраткерлері.

«Орта тап кем дегенде 60-70 пайыз болғанда ғана белгілі бір тұрақтылық болады. Ал бізде орта тап менің ойымша, әрі кетсе 20 пайыздай болуы мүмкін. Бұлар кәдімгідей жазда шетелге барып демалатын, әйелінде, өзінде, балаларында бір-бір машинасы бар, көлік айдам келе жатқан уақытта бензинім қанша қалды деп қарамайтын, телефонымда единицам азайып кетеді деп біреудің телефонынан қоңырау шалмайтын адамдардың қатарын айтқан уақытта олар 20 пайыздан аспайды, өкінішке орай», — дейді қоғам қайраткері Дос Көшім.

Дос Көшімнің айтуынша, мемлекетімізде байлық пен билік ұғымдары бірігіп кеткен. Яғни бай болу үшін міндетті түрде шенеунік болу керек деген ұғым қалыптасқан.

«Дәулетті адамдардың көбісінің, барлығы деп айтпай-ақ қояйық, байлығы сол биліктің қасына жақындасудан құралған. Ал шетелдерде билік пен байлық екеуі екі бөлек. Мысалы бизнеспен шұғылданатын миллионерлер ешуақытта қаланың зам әкімі, болмаса аудан әкімі болайын деп ешуақытта ойламайды, олар күле қарайды егер айтсаң. Қажеті не маған, мен міне табысымды тауып жатырмын дейді.  Дәл қазіргі кездегі жүйеміз бізде биліктің қасына жақындамайынша, онда сен көрмейсің байлықты», — дейді қоғам қайраткері.

Қоғамдық саясатты зерттеу орталығының төрайымы Меруерт Махмұтова еліміздегі ең төменгі күнкөріс мөлшері 22 859 теңге болса, кедей адамдар қатарына соның 40 пайызынан төмен табыс табатын азаматтар жатқызылады. Алдайда күнкөріс мөлшерінің сомасын белгілеудің өзі түбегейлі дұрыс болмағандықтан, одан қандай да бір пайызды шегерген асқан сорақылық -дейді ол.

Маман пікірінше, халқымыздың әл-ауқатын түзеу үшін байлардың салығын бұрынғысынша арттырып, кедейлер мен орта тап өкілдерінің салық жүгін жеңілдету қажет

«Әр кісінің табысынан алынатын салықты бұрын 5 пайыз бен 20 пайыздың арасында кісінің табысы көп болса одан 20 пайыз, кісі кедей болса, оның табысы төмен болса одан 5-ақ пайыз салық ұсталды. Дәл сол салық мәселесін өзгерткендіктен, бай адамдар көбірек пайда көріп жатыр, ал кедей адамдардың салығы көбейді», — дейді қоғамдық саясатты зерттеу орталығының төрайымы Меруерт Махмұтова.

Жалпы Қазақстан 2005 жылдан бастап әлемдік қауымдастықта орта деңгейлі ел болып саналады. Сондықтан мемлекетімізде кедейшілікпен күресетін бағдарлама қабылданбайды екен.

6 пікір

  1. Бұл, жалқаудың тірлігі. «Жаласа да табанын ит те бір күнін көре алар». Қазақстан халқы кедей емес.

    • Кедей деп күн көре алмайтын адамдарды емес күнін көретін, бірақ əрең көретін адамдарды айтады. Біз кедей болсақта өзімізді олай айтуға, намысымыз жібермейді. Бай болсаң онда балаңа үйленгенде 40 күн той істеп бер. кедей болмасаң, байлығың барғой. Олай жасайтын адам жоқ қəзір қара халық арасында. Бір тойдың өзін шыны керек кредит алып зорға жасаймыз. Ал сосын сандықтың түбінде жатқан ескі дəптерді алып қараймыз кімнің тойына қанша «тойана» апардым солар қайтарады. Тойдың шығынын жабады. Біздің қазақтыңкі осы тірлік.

  2. Кедей емей немене,бар тапқанын жарты өмірі бойы «Жилстрой»немесе «Ипотекабойы салса, одан қалса балаларына кредит алып той жасаса

  3. Ия қазақ халқы көбісі кедей, болашағы бұлыңғыр. Жетісіп жүрген ешкім жоқ қəзір. Кредит бəрінің басыда бар. Оны құтылса жақсы. Себебі: тағы кредит алады)))

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version