Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда «Астанафильм» киностудиясы құрылады

Қазақстанда «Астанафильм» киностудиясы құрылады

Кинематографияның ауқымды жұмысының бір бөлігі "Қазақфильмнен" жаңа киностудияға ауысады.

Фото: Оstrov-j.ru

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Мәдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Астанафильм» жаңа киностудиясы құрылатынын мәлім етті.

«Астанафильм» киностудиясын құруға қатысты Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар. Қазіргі кезде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеумен айналысып жатырмыз. Бізге осындай киностудияны құру қажеттілігі байқалып отыр. Мәселен, Венгрия, Чехия секілді аумағы жағынан шағын елдердің өзінде бірнеше ресми киностудия бар, — деді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Қазақстандағы киноиндустрияда қарқынды даму процесі жүріп жатыр, сондықтан алдағы уақытта «Қазақфильм» ауқымды жұмыстарды игере алмауы мүмкін.

«Менің ойымша, жаңа студия EXPO-қалашық маңында орналасады. Қазіргі кезде сәулет мәселесі маңызды болып тұр. Себебі әлемдік киностудияларға туристер көп баратыны белгілі, яғни киноөндіріс бизнеспен қатар жүргізілуі тиіс. Егер де биыл жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтасақ, онда алдағы жылы құрылыстың басталуына өтінім жібере аламыз, — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version