Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді

Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Ол күні Қазақстанның Тәуелсіздігіне және ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Сондай-ақ, оқу жылының алғашқы күні барлық мектепте патриоттық «Мәңгілік ел» актісінің аясында «Мен өз елімнің патриотымын!» сабағы өткізіледі.

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу жылы 32 аптадан тұрады. Ал бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) cынып оқушылары 34 апта оқиды.

1-11 (12) сынып оқушыларының демалыс кестесі:

а) күзгі демалыс — 7 күн (31 қазаннан 2016 жылдың 6 қарашасын қоса есептегенде);
ә) қысқы демалыс — 10 күн (2016 жылдың 30 желтоқсанына бастап 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін);
б) көктемгі демалыс — 13 күн (21 наурыздан 2017 жылдың 2 сәуіріне дейін).

Мектепке дейінге мекемелерде:

а) күзгі демалыс — 7 күн (31 қазаннан 2016 жылдың 6 қарашасын қоса есептегенде);

ә) қысқы демалыс — 14 күн (2016 жылдың 26 желтоқсанынан 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін);
б) көктемгі демалыс — 15 күн (2017 жылдың 21 наурызынан 4 сәуірді қоса есептегенде).

Айта кетейік, мектеп алды және бірінші сыныптарға тағы қосымша жеті күндік демалыс беріледі — 2017 жылдың 1 ақпанынан — 7 ақпанға дейін.

ДереккөзTengrinews.kz