Басты бет Жаңалықтар Бірғаным Әйтімова алатын зейнетақысының мөлшеріне таңғалды

Бірғаным Әйтімова алатын зейнетақысының мөлшеріне таңғалды

Сенат депутаты не себепті көп лауазымды атқарғанына қарамастан қарапайым азаматтармен бірдей зейнетақы алатынын түсінбеді.

Бірғаным Әйтімова. Фото: Іnformburo.kz

Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова өзінің зейнетақысы туралы айтты.

Қаншама лауазымда болсам да, менің зейнетақымның мемлекеттік қызметте ешқашан жұмыс істемеген достарымдікімен бірдей болуы таңғалдырады, — деді Әйтімова журналистерге Сенаттағы отырыс сыртында.

Депутаттың айтуынша, оның зейнетақысының көлемі — 100 мың теңгеден сәл жоғары.

Мен зейнеткермін, зейнетақым кешегі гараж жұмысшысынікіндей. Бізде заңда көрсетілген судьялар корпусы, әскерилер, құқық қорғау органдары қызметкерлерінікінен басқа эксклюзив зейнетақы жоқ, — деді сенатор.

Бірғаным Әйтімова 1953 жылдың 26 ақпанында Батыс Қазақстан облысында туған. Әр жылдары Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Қазақстанның Израильдегі елшісі, Премьер-министрдің орынбасары, Білім және ғылым министрі болып қызмет етті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version