Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 2500 ғимарат зілзалаға төзімсіз болып тұр

Қазақстанда 2500 ғимарат зілзалаға төзімсіз болып тұр

Республика бойынша қазір 470 мектептің ғимараты сейсмикалық нығайтуды қажет етіп тұр.

Фото: Hcsbk.kz

Қазақстанда 2,5 мың ғимарат сейсмокүшейтуден өтуі керек. Бұл туралы электрондық үкімет порталында жарияланған ҚР Үкіметі қаулысының жобасында айтылған.

Құжатта келтірілген мәлімет бойынша 2010-2015 жылдары республика бойынша 101 білім беру, 50 денсаулық сақтау нысанына, 100 өндірістік ғимаратқа сейсмонығайту жұмысы жүргізілген. Алайда тұрғын үйлер бұл процедурадан өтпеген.

Республика бойынша қазір 470 мектепке, 270 ауруханаға, 198 мектепке дейінгі мекемеге, 1046 қоғамдық ғимаратқа, 511 өндіріс кәсіпорнына сейсмокүшейту жасалуы қажет. Өмірлік маңызы бар нысандар (оның ішінде білім және медицина мекемелері) — бірінші кезекте сейсмотұрақтылықпен қамтамасыз етілуі тиіс объектілер,-делінген құжатта. Қаулы жобасын талқылау 18 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version