Степогорск әкімі болып Еркебұлан Баяхметов тағайындалды.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа әкім бұған дейін Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқарған.
Еркебұлан Баяхметов осы жылдың тамыз айында Павлодар әкімі болып сайланған Әнуар Күмпекеевтің орнына келді.
Еркебұлан Баяхметов 1972 жылы Көкшетау облысы Володарс ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келді. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Әр жылдары Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жою жөніндегі агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, Петропавл әкімінің орынбасары, ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Сонымен бірге ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде, «Қазтеміртранс» АҚ-да жұмыс істеген.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы директоры қызметіне тағайындалғанға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақмола облыстық өңірлік филиалын басқарды.