Басты бет Жаңалықтар 33 IT-маман «Самұрық-Қазына» қорына жұмысқа тұрады

33 IT-маман «Самұрық-Қазына» қорына жұмысқа тұрады

"Самұрық-Қазына" Қоры "Цифрлық жаз-2018" тағылымдама бағдарламасын қорытындылады.

"Цифрлық жаз-2018" тағылымдамасының түлектері. Фото: Zakon.kz

Бағдарлама аясында IT саласындағы 33 маман Қазақстанның ең ірі компанияларына жұмысқа тұратын болды.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметовтің айтуынша Қор компанияларына тағылымдамадан өтуге көп жас маман талпынған.

Бұл тағылымдама еліміздің ең ірі ұлттық компанияларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жаңа білім алуға, тәжірибе жинауға және өз салаңда машықтануға көмектеседі. Мұндай байқау алғаш рет ұйымдастырылып отыр, — деп атап өтті Әлішер Пірметов бағдарлама түлектеріне арналған құттықтау сөзінде.

Барлық түлектер Қордың электронды құжат айналымына көшу жобасын әзірлеуге қатысып, серверлерді жүргізуге көмектесіп, телеграм-ботқа арналған Java тіліндегі жаңа бұйрықтарды дайындады және тағы басқа жобаларға қатысты.

Тағылымдама «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында жүзеге асырылды және Астана, Алматы, Атырау, Павлодар және Өскемен қалаларын қамтыды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version