Басты бетЖаңалықтар15 қыркүйекке...

15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігі мен шығысында фронтал бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-22 м/с-қа күшейеді. Ал Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 3 градус ызғар болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшті болады.