Биылғы Тамыз кеңесі «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағда­йын­дағы адами капитал» тақыры­бында өтті. Bilim Media Group компаниясының ұжымы Түркістан, Ақмола, Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы және Астана мен Екібастұздағы Tамыз кеңестеріне қатысты. Кеңестерде білім беру жүйесі мен оны дамыту жолдары айтылып, былтырғы оқу жылына қорытынды жасалды, жетістіктер мен кемшіліктер, жоспар талқыланды.

Bilim Media Group
Тамыз кеңесі. Фото: Bilim Media Group

Атап айтсақ, келесі жылдан бастап 0-сынып тәрбиешілері мен мұғалімдерді дайындау жұмысы қолға алынады.  Қазір латынша «Әліппе» және кирилл қарпіндегі «Букварь» базалық оқулықтары дайындалып жатыр. Оқулықтар 2020-2021 оқу жылына дейін дайын болады. Биыл «Информатика» пәні 3-сыныптан бастап оқытылады. Бұл пән «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында келесі жылы 1-2-сыныптарға енгізілмек.

Тамыз кеңесі, Bilim Media Group
Тамыз кеңесі. Фото: Bilim Media Group

Тамыз кеңесінде интернеті әлсіз немесе мүлде жоқ ауылдарға көңіл бөлу, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасын теңестіру мәселесі де талқыланды. Бұл мәселені шешу үшін offline-технологияларды қолдану тиімді болып отыр. Осы тұрғыда Bilim Media Group компаниясы ұсынған BilimBook компьютер-трансформерлері еліміздегі ең шалғай елді мекендерді мазмұны жаңарған оқыту материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, BilimBook – барлық жастағы оқушыларға арналған, мектеп бағдарламасына сай ресурстардан тұратын әмбебап құрылғы. Құрылғының мазмұны BilimLand, iTest, iMektep және Twig-bilim ресурстарын қамтыған.

Басты мақсатымыз — баршаға сапалы білімді қолжетімді ету. Осы оймен компания 2000 жаңа интерактив сабақ, ҰБТ-ның жаңа форматына сай 50 мыңға жуық сұрақ пен мұғалімдердің аттестаттаудан өтуіне көмектесетін жаңа материалдар дайындап шығарды. Соған қоса, ауылдағы мектептердегі білім деңгейін қаладағы мектептердің деңейіне көтеру үшін BilimBook оқыту құрылғысын баршаға таныстырды. Бұған дейін BilimLand-тің интерактив сабақтары мен материалдарына қатысты сауалнама жүргізіп, видеоқорытынды жасаған болатынбыз. Соның негізінде қолданушылардың 85%-ы біздің жұмысты жоғары бағалады, — дейді BMG компаниясының өкілдері.

Bilimland
BilimBook компьютер-трансформері ©Айгүл Хожантаева

Биыл педагогтарды аттестаттаудан өткізудің жаңа жүйесі енгізілді. Біліктілік санаттары үшін лауазымдық жалақыға 30%-дан 50%-ға дейін қосымша үстемеақы қосылады. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа аттестаттау тәртібінен өткен мұғалімдерге санаттарына сәйкес қосымша ақы төленеді. Ал аттестаттаудан өтпеген мұғалімдер оны қараша айында қайта тапсыра алады. Тамыз кеңестеріне қатысқан BMG өкілдерінің айтуынша, аттестаттаудан өтуге дайындалып жүрген мұғалімдер Bilimland ресурстарынан пайдалы әрі заманауи материалдарды көптеп таба алады.

Тамыз кеңестерінде мектеп басшылары мен мұғалімдер BilimBook құрылғыларын сатып алуға ерекше қызығушылық білдірді. Өкінішке қарай, қазір біз BilimBook-ті тек білім беру мекемелеріне сата аламыз. Microsoft әріптесімізбен осылай келісілген болатын. Осыған дейін республика бойынша үш облыс BilimBook-ке тапсырыс берді. Қыркүйек айының соңына дейін 2500-ге жуық құрылғыны жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазан және қараша айларына басқа да облыстар BilimBook компьютер-трансформерлеріне тапсырыс бермек, — дейді компания мамандары.

Bilim Media Group
Тамыз кеңесінде BilimBook құрылғыларына қызығушылық танытқан ұстаздар. Фото: Bilim Media Group

Былтыр қазан айында BMG компаниясы пилоттық жоба аясында BilimBook құрылғыларын үш мектепке орнатты. Соның қолданушыларының бірі, СҚО Айыртау ауданы Айыртау орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ұсайын Жылқышиев құрылғылардың оқушы үлгеріміне оң әсер еткенін айтады.

Біздің ауылда интернет желісі жоқ. Ал BilimBook құрылғылары осындай шалғай аудандардағы шағын жинақты мектептер үшін өте ыңғайлы. Тарих пәні бойынша балаларды алты ай BilimBook құрылғыларымен оқыттым. Нәтижесі жаман емес. 9-сынып бойынша менің пәнімнен бір оқушы жақсы оқушы санатына кірді. Ал үшке оқып жүрген оқушының бағасы төртке көтерілді. Құрылғыда жаттығу тапсырмалары өте көп. Бұл айтылған ақпараттың мида сақталып қалуына үлкен көмегін тигізеді, — дейді мұғалім.

Bilimland
©Айгүл Хожантаева

Тамыз кеңесінде мұғалімдердің қағазбастылықтан босатылатыны, тек бес құжатты толтыратыны туралы да айтылды. Олар: журнал, күнделік, балаларды сумативті-формативті бағалау, күнтізбелік және пәндік жоспар. Осыған қатысты BMG компаниясынан BilimLand ресурстарының артықшылығы туралы сұрап білдік.

Ең алдымен, біздің ресурстар —  мұғалімнің сабақ оқытудағы көмекші құралы. Bilimland.kz порталында сабақ жоспарлары бар. «Мұғалім парақшасы» бөлімінде замауи технологияларды оңай әрі тиімді пайдалануға мысалдар мен нұсқаулықтар берілген. ҰБТ-дағы кей сұрақтардың мұғалімдерге де қиындық туғызатыныны тәжірибеде кездеседі. Itest.kz ресурсында сұрақтардың 70%-ның шешу жолдары мен түсіндірмелері берілген. Біздің ойымызша, білімін, біліктілігін арттыруға дайындалып жүрген мұғалімдерге ресурстарымыз пайдалы болмақ, — дейді BMG компаниясының мамандары.

Айта кетейік, Bilimland.kz порталынан мектепке дайындық, инклюзивті курс, бастауыш математика, орта мектептегі барлық пән бойынша цифрлық материалдарды көптеп табасыз. Порталдағы ресурстар арқылы үш тілде де қалаған пәніңіз бойынша біліміңізді жетілдіре аласыз. Сонымен қатар мектеп бағдарламасына сай Twig-Bilim порталынан жаратылыстану бағытындағы мыңнан аса фильмді тамашалауға болады. Фильмдердің қазақша және орысша субтитрлерін қолдану тіл үйренушілер үшін пайдалы болмақ. Ал егер ҰБТ-ға, ТКТ-ға дайындаламын десеңіз, iTest.kz  электронды жаттықтырғышы көмекшіңіз болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!