Басты бет Жаңалықтар Алтын әшекейлер бір жылда шамамен 7%-ға қымбаттады

Алтын әшекейлер бір жылда шамамен 7%-ға қымбаттады

Елімізде алтын өндірісі жыл сайын артып келеді.

Фото: Lombard-capital.com.ua

Алтын әшекейлер бір айда 0,3%-ға, бір жылда 6,9%-ға қымбаттады. Бұл туралы мәліметті Еnergyprom.kz сарапшылары жария етті.

Мамандардың мәліметінше, күзге қарай алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың бір грамының құны 15,7 мың теңге болды, бұл былтырмен салыстырғанда, 6,9%-ға жоғары. Күміс бұйымдардың бір грамының құны тамыз айының соңында 1,5 мың теңге болды, бұл — былтырмен салыстырғанда, 8,2%-ға жоғары.

Алтын әшекейлердің ең жоғарғы құны Астанада тіркелген (грамы 23,5 мың теңге, бір жыл ішінде 11,6%-ға жоғары), ең қымбат күміс әшекейлер Атырауда сатылған (грамы 2,1 мың теңге, бір жыл ішінде 10,8%-ға жоғары).

Елімізде соңғы жылдары күміс өндіру деңгейі төмендеді. Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша 575,4 тонна өңделмеген күміс шығарылған (бір жыл ішінде 9,4%-ға азайған), оның 570,3 тоннасы — тазартылған күміс (өткен жылға қарағанда 9%-ға аз).

Алтын өндірісі, керісінше, жыл сайын артып келеді: 7 айда 53,4 тонна өңделмеген алтын өндірілген (бір жыл ішінде 10,7%-ға жоғары), оның 28,2 тоннасы — тазартылған алтын (былтырға қарағанда 14%-ға жоғары).

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банктің әлемдік нарықта отандық алтын құймаларды танымал ете түсу үшін тазартылған бағалы металдың 4%-ына дейін шетелге сатқалы отырғаны хабарланған еді. 2018 жылдың басынан бері Ұлттық банк отандық металл өндірушілерден 33 тоннаға жуық тазартылған алтын сатып алған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version