Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ердоған ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған. Фото: Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Ақорданың хабарлауынша, салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті.

Кездесуде мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған. Фото: Аkorda.kz

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Түркияға жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті жергілікті іскер топтар өкілдерімен кездесіп, оларды Қазақстанға шақырған болатын. Қазақстанда инвестициялық жобаларды бірлесе атқаруға Түркияның үш ірі компаниясы мүдделі болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version