Жаңа iPhone смартфондары таныстырылды

iPhone XS пен XS Max смартфондары үш нұсқада болады: сыйымдылығы — 64, 256 және 512 гигабайт. Смартфондар алтын, күміс және сұр түстерде шығарылған.

Жаңа смартфондар Қазақстанда 28 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.

РИА Новости мәліметінше, iPhone XS смартфондары 999 доллардан басталса, iPhone XS Max 1099 доллардан басталады.

iPhone XS, iPhone XS Max
Видеодан алынған кадр

Apple өкілдерінің айтуынша, жаңа смартфондар осыған дейінгі смартфондарға қарағанда 50%-ға жылдамырақ (секундына 5 триллион операция жүргізіледі) жұмыс істейді. Сонымен қатар аккумуляторлары ұзағырақ уақыт жұмыс істейді.

Жаңа модельдерде видео жазу үшін төрт микрофонның болатыны айтылады.

Бұдан бөлек, компаниядағылар Apple Watch Series смарт-сағаттарын таныстырды. Олардың айтуынша, сағаттардың көлемі екі түрлі болады — 40 миллиметр және 44 миллиметр.

ДереккөзTengrinews.kz