Арал экономикасына 100 млрд теңге инвестиция тартылмақ

Әлеуетті инвесторлар мен қаржы институттарының өкілдері қатысатын инвестициялық форумдар Қызылорда облысында әр екі жыл сайын өткізіліп отырады.

Соңғы, бесіннші инвестфорум «Қызылорда облысының жаңа инвестициялық стратегиясы» ұранымен өтті. Форумға қатысушылар өңіріміздің болашағы, Қазақстанның шетелдік инвесторларға беретін басымдықтары туралы өздерін қызықтырған мәселелер төңірегінде ақпарат алып, бірнеше жобаны талқылады және ынтымақтастық жайлы бірнеше келісімге қол қойды. Қазір осы келісімдер аясында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр», — дейді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, келесі инвестициялық форум Қызылорда облысында осы жылдың 14-15 желтоқсанында өтеді. Қазірдің өзінде форумға Қазақстан мен өзге мемлекеттердің бизнес және қаржы институттарының 300-ден астам өкілі қатысатынын растады. Желтоқсан айындағы пленарлы отырыс Сырдарияның сол жағалауын дамытуға арналады.

ДереккөзBNews.kz