Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің басшысы болып Қуанышбеков Бауыржан Шераханұлы тағайындалды.
Бауыржан Қуанышбеков 1960 жылы 7 қазанда ОҚО Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1988 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Ол еңбек жолын Шымкент өндірістік бірлестігінде машинисті, содан кейін «Қызыл Жұлдыз» шаруа қожалығында тракторист, Шымкент «Фосфор» өнеркәсіп бірлестігінде жұмысшы болып бастаған. 1982-1993 жылы комсомол комитеттерінде, Халық депутаттары Кеңесінде әр түрлі лауазымды жұмыстар істеген. 1993 жылы «Елім» фондында бас директор, облыстық жұмыспен қамтамасыз ету басқармасы бастығы сынды лауазымды қызметттер атқарған. 1999 жылдан 2014 жылға дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарды. Облыс әкімшілігінің көлік, коммуникация және туризм департаменті директорының орынбасары, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары болған. 2014 жылдың маусым айынан бастап, осы тағайындауға дейін аталған бөлім басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Жұмақұлова Әйгерім Әбдіохапқызы Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі-баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.
Әйгерім 1991 жылы 1 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» факультетін тәмамдаған. Мамандығы—«Аймақтану».
Алғаш еңбек жолын 2011 жылы «СА-Фарм» ЖШС-нің стратегиялық жобалау бөлімінің басшысы болып бастаған. 2012 ж. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің коммуникациялар орталығында «Мониторинг қызметінің» жетекші эксперті болып еңбек еткен. 2014 ж. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» «Мониторинг қызметінің» бас эксперті қызметін атқарған.
Ал, 2015 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» «Жедел талдау және мониторинг» қызметінің бас эксперті болған. Осы жылдың қараша айында ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» «Коммуникациялар қызметінің» бас эксперті болып қызмет істеген.
Қызметтік бабына сай, Астана қаласынан ауысып келіп, 2015 ж. желтоқсан айынан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы сынды лауазымда қызмет атқарды.