Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның екі...

Қазақстанның екі өңірінде жылу арзандады

Биыл Қазақстанның бірнеше өңірінде жылу беру тарифтері өзгерді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Зарина Ботбаева айтады.

Жылумен қамтамасыз ету бойынша 2015 жылы бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері аясында 2018 жылы халыққа арналған тарифтер 4 аймақта өзгеріссіз қалды: Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында және Шымкентте, — дейді Ботбаева.

Оның айтуынша, биыл 2 өңірде тариф төмендейді. Алматы облысында «Талдықорғантеплосервис», ал Шығыс Қазақстан облысында Семейдегі «Теплокоммунэнерго» МКК  қызметін арзандатып отыр.

Халыққа арналған тариф 11 өңірде өсті (ҚҚС-сыз):

Астана: «Астанаэнергосбыт» ЖШС (ЕҚ-мен 2 219,15 теңге/Гкалдан  2 360,16 теңге/Гкал-ға, өсім 0,02%);

Алматы: «Алматы жылу желілері» (ЕҚ-мен 4 919,30 теңге/Гкал-дан  5 327,78 теңге/Гкал-ға, өсім 8,3%, ЕҚ-сыз 6 709,84 теңге/Гкал-дан  7 267,00 теңге/Гкал-ға, өсім 8,3%);

Ақтөбе облысы: «Трансэнерго» АҚ (ЕҚ-мен  2 280,40 теңге/Гкал-дан  2 504,87 теңге/Гкал-ға, өсім 9,8%, ЕҚ-сыз  3 420,60 теңге/Гкал-дан  3 757,30 теңге/Гкал-ға, өсім 9,8%);

Атырау облысы:  «Атырау ЖЭО» АҚ (ЕҚ-мен 3 752,97 теңге/Гкал-дан  4 181,64 теңге/Гкал-ға, өсім 11,4%, ЕҚ-сыз 5 269,48 теңге/Гкал-дан 5 343,52 теңге/Гкал-ға, өсім 1,4%);

Шығыс Қазақстан облысы: Өскеменде «Өскемен жылу желілері» АҚ (ЕҚ-сыз 3 425,80 теңге/Гкал-дан  3 749,69 теңгеге/Гкал-ға, өсім 9,5%);

Жамбыл облысы, «Таразэнергоцентр» АҚ (ЕҚ-мен 1 670,06 теңге/Гкал-дан 1 694,33 теңге/Гкал-ға, өсім 1,5%, ЕҚ-сыз 3 634,37 теңге/Гкал-дан  3 687,19 теңге/Гкал-ға, өсім 1,5%);

Батыс Қазақстан облысы: «Жайықтеплоэнерго» АҚ (3 983,04 теңге/Гкал-дан  4 034,93 теңге/Гкал-ға, өсім 1,3%);

Қарағанды облысы: Қарағандыда «ҚарағандыЖылуСбыт» (2 914,39 тенге/Гкал-дан 3 053,12 тенге/Гкал-ға, өсім 4,8%);

Жезқазғанда «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ (ЕҚ-мен 2 677,08 теңге/Гкал-дан  2 784,17 теңге/Гкал-ға, өсім 4,0%, ЕҚ-сыз 3 212,50 теңге/Гкал-дан  3 341,00 теңге/Гкал-ға, өсім 4,0%);

Қостанай облысы:  «Костанайская ТЭК» МКК (ЕҚ-мен 4 490,36 теңге/Гкал-дан  4 526,77 теңге/Гкал-ға, өсім 0,8%, ЕҚ-сыз 5 606,81 теңге/Гкал-дан  5 614,66 теңге/Гкал-ға, өсім 0,1%);

Павлодар облысы: «Павлодарэнергосбыт» ЖШС (ЖЖҚ ЕҚ-мен 1 492,30 теңге/Гкал-дан  1 897,37 теңге/Гкал-ға, өсім 27,1%, ЕҚ-сыз 2 549,98 теңге/Гкал-дан  2 769,66 теңге/Гкал-ға, өсім 8,6%; ОЖП ЕҚ-мен 1 075,38 теңге/Гкал-дан 1 168,02 теңге/Гкал-ға, өсім 8,6%, ЕҚ-сыз 2 234,32 теңге/Гкал-дан  2 468,29 теңге/Гкал-ға, өсім 10,5%);

Солтүстік Қазақстан облысы: «Севказэнергосбыт» ЖШС (ЕҚ-мен 2 829,60 теңге/Гкал-дан  3 068,46 теңге/Гкал-ға, өсім 8,4%, ЕҚ-сыз  3 640,96 теңге/Гкал-дан 3 823,00 теңге/Гкал-ға, өсім 5,0%).

Осылайша ең төмен өсім Астанада, ең жоғары өсім Павлодар облысында байқалады.

ДереккөзInform.kz