Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда Ердоғанмен кездеседі

©Reuters

Қазақстан Президенті Түркия Республикасына ресми сапармен барғалы отыр. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар туралы хабарлады.

Түркияға сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, сонымен қатар Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі көзделген.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысуы да жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version