Қанат Бозымбаев өңірлерге көмір дайындауды жеделдетуді ескертті

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өңірлерге көмір дайындауды жылдамдатуды ескертті.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр электр станцияларының жанар-жағармай қоймаларында 3,4 миллион тонна көмір мен 79 мың тонна мазут жинақталғанын, бұл жалпы нормативке сай келетінін айтты.

Жылыту маусымына дейін көмір бойынша норматив Көкшетаудағы №2 қазандықта дайын болады. Орталықтандырылған жылумен қамту аумағындағы қазандықтарда 1,1 миллион тонна көмір жинақталып қалды. Бұл жоспардың — 84%-ы. Сонымен бірге 25 мың тонна мазут бар. Бұл жоспардың 18%-ы, — деді министр.

Ведомство басшысы көмір әзірлігін Солтүстік Қазақстан облысында (жоспардың 16%-ы), Павлодар облысында (жоспардың 51%-ы), ал мазут әзірлігін Ақмола (жоспардың 2%-ы) мен Қарағанды (жоспардың 9%-ы) облысында арттыру керек екенін айтты.

2018 жылдың 8 айы бойынша Қазақстанда жалпы 70 тонна көмір өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға артық (66,9 миллион тонна). Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік үшін 8 айдың ішінде 6,7 тонна көмір тиелген, — деді Қанат Бозымбаев.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, көмір тасу жұмысына бұл күнде 29 мың ашық вагон, сонымен бірге KTZE-Operator қызметінің 15 мың ашық вагоны, өзге де меншік иелерінің 14 мың вагоны жұмылдырылған.

Алдағы жылыту маусымы үшін тоннасы 70 мың теңгелік 312 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік мазутты тасымалдау кестесі келісілді. Ол аймақтарға бағытталады, — деді Қанат Бозымбаев.

ДереккөзInform.kz