Басты бет Жаңалықтар Астанада жылу жүйесі ерте қосылуы мүмкін

Астанада жылу жүйесі ерте қосылуы мүмкін

Астанада 11 қыркүйек күні ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді. 12 қыркүйек күні түнгі уақытта 3 градусқа дейін қатқақ болады. Осыған байланысты қала әкімдігінің өкілдері астаналық тұрғындарға қашан жылу берілетінін айтты.

Фото: Inform.kz

Астана энергетика басқармасы өкілдерінің айтуынша, егер бес күн ішінде қаладағы орташа тәуліктік температура 10 градус немесе одан төмен болса, үйлерде және әлеуметтік нысандарда жылу беріледі.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Астананың энергетикалық кешенін 2018-2019 жылғы маусымға дайындау жұмысы жоспар бойынша жүріп жатыр. Отын қоры — 238 714 тонна көмір, оның ішінде ЖЭС-1-де 27 842 тонна және ЖЭС-2-де 210 872 тонна. Мазуттың қоры 6106 тонна екен. Тұрғын үй қорының дайындық деңгейі 93,6 пайыз, 2 141-ден 2 261 үй дайын, денсаулық сақтау мекемелерінің 94,4 пайызы, яғни 36 кешеннің 34-і дайын. Ал білім беру нысандарының 98,8%-ы 168-ден 166 нысанға дейін дайын. Мәдениет кешендері 100% жылу жүйесін қосуға әзір.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version