Дінтанушы экстремистік топ өкілдерін қалай тану керектігін айтты

3 тамызда ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, дінтану мамандығының PhD докторы Құдайберді Бағашаров Алматының Түрксіб ауданындағы «Қайрат» мешітіне келушілермен кездесті. Кездесу Алматы дін істері жөніндегі басқармасының іс-шаралар жоспары бойынша ұйымдастырылды.

Құдайберді Бағашаров діни экстремизм мен терроризмді болдырмау, оны дәстүрлі дін талабымен шатастырмау қажеттігі туралы айтты. Дінтанушы әлемдегі көнеден келе жатқан және жаңадан пайда болған діни ағымдардың тарихы, ілімі мен құндылықтары жайынан мағлұмат берді. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі мешітке келушілердің сұрақтарына жауап берді.

Көпшілікті экстремистік топтардың белгілерін ажырата алу дағдысы қызықтырған болып шықты. Дінтанушы оларға радикал идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыру амалдары туралы баяндады.