Басты бет Жаңалықтар «Ақсай» мешітінде жамағатпен кездесу өтті

«Ақсай» мешітінде жамағатпен кездесу өтті

Діни ғимаратта теолог Асылтай Тасболат жамағатқа қазақтың ұлттық дүниетанымы туралы әңгімеледі.

Фото: Din-almaty.gov.kz

25 тамызда Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Ақсай» мешітінде жамағатпен кездесті. Кездесу  «Дін мен дәстүр» жобасы аясында өтті.

Онда теолог, Қазақстан-Мысыр Ислам университетінің докторанты Асылтай Тасболат жамағатқа қазақтың ұлттық ерекшеліктері туралы айтты.

Жер бетінде 1,5 миллиардтан артық мұсылман бар. Әлемдегі ханафи жолындағы мұсылмандар саны шамамен 850-900 миллион ғана, ал қазақ халқының саны 10 миллионнан ғана асып жығылады. Демек, дін ұлттың негізгі критерийі емес, әр халықтың бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін қайталамайтын өз ұлттық ерекшеліктері бар. Қазақты қазақ етіп тұрған — өзінің ұлттық генефонды, — деді Асылтай Тасболат.

Бұған дейін «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің өкілдері Алматыда қалалық дін істері жөніндегі басқарманың тапсырысымен базарлар намазханасында жамағатпен кездесу өткізіп, діни сауаты нашар екі азаматпен оңаша әңгімелескен еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version