Басты бет Жаңалықтар «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі «Дін мен дәстүр» жобасының аясында екінші кездесуін...

«Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі «Дін мен дәстүр» жобасының аясында екінші кездесуін өткізді

Кездесу Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма тапсырысымен ұйымдастырылды. 2018 жылдың 4-ші шілдесінде "Адырна" ұлттық этнографиялық бірлестігі "Дін мен дәстүр" жобасының аясында алғашқы кездесуін өткізді. Іс-шара "Көк базар" сауда орталығының намазханасында өтті.

©Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы

Дінтанушы-теолог Асылтай Тасболат базар жамағатына қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің рөлі туралы әңгімеледі. Жақында Елбасы қабылдаған Ұлттық домбыра күнінің маңызы туралы айтып берді.

2018 жылдың 8-ші шілдесі күні «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Дін мен дәстүр» жобасы аясында екінші кездесуін өткізді. «Өжет» базарының намазханасы біраз уақыт бұрын жабылып қалғандықтан, кездесу «Арлан» базарының намазханасында өтті. Дінтанушы-теолог Асылтай Тасболат жамағатқа қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшелігін түсіндірді. Оларды жат ағымның жетегінде еріп кетпеуге шақырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version