Қарасай ауданындағы «Алтын орда», «Жеті құрдас» базарларының жұмысшыларына зайырлы мемлекеттің қағидалары және Қазақстанда тыйым салынған діндердің қоғамға тигізетін зардабы туралы ақпарат берілді. Шара Алматы дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Онда Алматыдағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұғалімі, философия ғылымдарының докторы, доцент Бағдат Бейсенов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұғалімі, дінтану мамандығының Phd докторы Құдайберді Бағашаров, «Қалқаман» мешітінің наиб-имамы Азат Фазельжанов, Алматы дін істері жөніндегі басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Самат Қабылбековтер қатысты.
Жиынға қатысушыларға экстремизм мен терроризмді болдырмау және тыйым салынған діни ұйымдар туралы мәлімет жазылған парақшалар таратылды.
Ақпараттық шараға «Алтын орда» базарында 250, «Жеті құрдас» базарында 50 азамат қатысты.