Жоба аясында енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары, сонымен қатар барлық қала тұрғындары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша iKomek орталығының операторларынан ақпарат ала алады.
iKomek 770-тен астам қызмет көрсетеді. Енді оған БЖЗҚ жұмысы мен көрсететін қызметтері туралы ақпарат беру және «БЖЗҚ» АҚ Астана қалалық филиалының байланыс деректері бойынша анықтамалық ақпарат беру қызметі қосылды.
Орталыққа «109» телефон нөмірі, Smart Astana ұялы қосымшасы немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы өтініш білдіруге болады.
Айта кетейік, орталық барлық қалалық қызметтер бойынша демалыссыз және тәулік бойы кеңес береді. Қызметкерлер тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін қабылдайды, әлеуметтік желілерге мониторинг жасайды және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерге жауап береді.