Басты бет Жаңалықтар Президент Қарағандыда жас жұбайлардың некелесу салтанатына қатысты

Президент Қарағандыда жас жұбайлардың некелесу салтанатына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев некелесушілерге отбасы институтын нығайтудың маңызды екенін айтты.

Фото: Аkorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас жұбайлардың неке қию рәсімі өтіп жатқан жаңа «Ақ сарай» салтанат сарайына барды.

Некелесу
Фото: Аkorda.kz

Президент жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі.

Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін бақыт дегеніміз – отбасы және балалары. Сіздерді өмірлеріңіздегі ең жарқын оқиғамен құттықтаймын! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Фото: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтудың және еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудің маңызды екенін айтты. Жас шаңырақ иелері Президентке жас отбасыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан саясаты үшін, соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы үшін алғыс білдірді.

Жаңа салтанат сарайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version