"Денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы". Бұл заңды кім ашты?
Бұл - Ньютонның үшінші заңы.
Пи санының жуық мәні нешеге тең?
Егер шеңбер диаметрі бірге тең деп алынса, шеңбер ұзындығы пи санына тең болады. Оның жуық мәні - 3,14.
Шартты райлы етістікті табыңыз
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
168 метр матадан 56 көйлек тігілді. Сондай 96 метр матадан қанша көйлек тігуге болады?
56 көйлекке 168 метр мата жұмсалса, бір көйлекке қанша метр мата керек? 168: 56=3 (метр). Демек, 96:3=32 көйлек тігуге болады.
1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін таққа кім отырды?
Қайып хан 1715-1718 жылдары билік құрған. Қайып хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісті болды. Оған шығыстан жоңғарлар, батыстан қалмақ билеушілері қауіп төндіріп отырды.
Экватордың ұзындығы нешеге тең?
Экватор – Жердің айналу осіне перпендикуляр әрі екі полюстен де бірдей қашықтықта орналасқан үлкен дөңгелек сызық. Ол жер шарын екі жарты (Солтүстік және Оңтүстік) шарға бөледі. Нақты ұзындығы 40 075 696 метрге тең.
"Сот реформасы туралы жазбалар", "Жоңғария очерктері" еңбектерінің авторын көрсетіңіз.
Шоқан Уәлиханов Қырғыз Алатауына екінші рет барғанда "Жоңғария очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар", "Ыстық көл сапарының күнделіктері", "Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы" атты еңбектерін жазды.
Канаданың астанасы қай қала?
Оттава — Канада елордасы. Оттава өмір сүру деңгейі бойынша әлемде 6-орында. Ұлан-батыр мен Астанадан кейінгі әлемдегі ең суық үшінші астана.
Әлеуметтік желіде бөлісу: