Аталған компания осыған дейін «Шығыс Дуоба» және «Жоғарғы Кумарг» кен орындарынан алтын іздеу жұмыстарын жүргізген. Алтын қорын тапқаннан кейін, өндіруге рұқсат алып отыр.
Қазіргі уақытта Қытай Тәжікстанның 7 алтын кенішінде жұмыс істеуге лицензия алған. 2014 жылы Тәжікстан үкіметі Қытаймен құны 30 млн доллар тұратын Душанбе ТЭЦ-2 құрылысын екі алтын кенішіне айырбастау жөнінде келісімге келген.
Тәжікстанның геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі бас басқармасы ТВЕА компаниясы екінші «Жоғарғы Кумарг» кенішінен алтын іздестіру жұмыстарын аяқтап, алтын тапса, оны өндіруге лицензия алуға мүмкіндіктері бар екенін айтады.
Тәжік экономикалық сарапшысы Константин Бондаренко қытай компанияларының Тәжікстанға келуі қысқамерзімді стратегиямен қарасақ, ел экономикасының дамуына септігін тигізеді, бірақ ұзақмерзімді стратегия бойынша, мұның бәрі жақсылыққа әкелмейді дейді.