Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың алдағы міндеттерін анықтап берді

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев алтыншы шақырылым палатасының төртінші сессиясындағы жұмысының негізгі бағыттарын айтты.

Еліміздің дамыған мемлекеттер қатарына қосылу жолында бізге тынбай еңбек етіп, бар күшімізді барлық кешенді іс-шараны атқаруға салу керек. Елбасы алдымызға қойып отырған басты міндет — халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту, ел экономикасы игілігі үшін жұмыс атқару. Мұның бәрі бізге, депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктейді, — деді Тоқаев.

Сенат төрағасы Парламент сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы құқық қорғау жүйесін реформалауға айрықша көңіл бөлгенін еске салды. 

Соған байланысты біз бұл саланы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуіміз керек. Сонымен бірге экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіруді қарастыратын заңнамалық түзетулер пакетін қарастырамыз, — деді Сенат төрағасы.

ДереккөзZakon.kz