Жауын-шашын болмайды: 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 6 қыркүйекте де Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етеді, сондықтан  күн  жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-батысы мен қиыр солтүстік аумағында төмен қысым әсерінен аздаған жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде  15-20 м/с жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында да түнде және таңертең тұманды болады.

Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды ​​облысында  жел 18 м/с-қа дейін күшейеді.