Басты бетЖаңалықтарДархан Мыңбай...

Дархан Мыңбай Парламент депутаты ретінде ант берді

ҚР Парламентінің 4-сессиясының аясында Мәжілістің бірінші жалпы отырысы өтіп жатыр. Отырыста депутат Дархан Мыңбай ант берді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін

, — деді Дархан Мыңбай Мәжілістің жалпы отырысында.

Биыл ақпанда Дархан Мыңбай Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелген еді. Ол Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болды. Бұған дейін Дархан Мыңбай Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары — ассамблея хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

ДереккөзInform.kz