Басты бет Жаңалықтар «Қазақстан — Ұлы дала елі»: этника мәдениеті мен қазіргі заманның жарасымы

«Қазақстан — Ұлы дала елі»: этника мәдениеті мен қазіргі заманның жарасымы

Көне рухани мұраны насихаттау мерекесі Астананың 20 жылдығына арналды. 

Фото: Bnews.kz

Астанадағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «Қазақстан — Ұлы дала елі» атты көрме-фестиваль өтті.

Алғашқы күні көпшілік назарына қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдардың көрмесі ұсынылды. Ашық аспан астында қолданбалы өнер шеберлерінің бірі жұртқа ат әбзелдерінің жасалуын түсіндірсе, енді бірі зергерліктің қыр-сырын айтты. Аспаздар қазақтың ас әзірлеу технологиясынан тегін шеберлік дәрісін өткізді.

Фестивальдің екінші күні халықтың кәсіби, акустикалық музыкалық аспаптарының және қазіргі заманғы аспаптардың үнінен тұратын гала-концерт қойылды. Ресейдің Челябі қаласынан келген шаман, мультиинструменталист, көмей әншісі Тюргэн Кам шаңқобызбен бірнеше композиция орындады.

Қазіргі заманғы этникалық музыка Қазақстанда да дамыған. «Арқайым» нео-этно-фолк тобы көнеден келе жатқан музыка дәстүрін жаңа заман дыбысымен жарастырушы мультиинструменталистерден тұрады. Топ гала-концертте «Елім-ай», «Жол», «Күз» композицияларын орындады.

Бұл күні қазақтың шоқтығы биік мәдени мұрасы — киім тігу өнері де дәріптелді. Этникалық бағытта жұмыс істеп, көнеден жалғасқан сән үлгісін жаңғыртып жүрген қазақстандық дизайнерлер коллекцияларын көрсетті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version