Басты бетЖаңалықтарАйырбас пункттерінде...

Айырбас пункттерінде 1 доллар құны 368 теңгеге жетті

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша таңғы сауда сессиясы аяқталды. 1 АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 366,95 теңге болды, сауда көлемі — 53,9 миллион доллар.

1 Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,3971 теңге болды, сауда көлемі — 11,5 миллион рубль.

1 Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 53,72 теңге болды, сауда көлемі — 1,5 миллион юань.

Айырбас пункттерінде теңгенің долларға қатысты бағамы 367-368 теңге, евро 426,3-428,3 теңге, рубль 5,39-5,44 теңге болды.

ДереккөзZakon.kz