Басты бетЖаңалықтарАтырау облысында...

Атырау облысында 7 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Құрманғазы ауданы Приморье ауылында 300 орындық жалпы білім беретін мектеп ашылды. Ал Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 424 орындық мектеп ашылды. Оған қоса «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша Атырауда студенттерді жатақxанамен қамту мәселесі шешіліп жатыр. Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж студенттеріне арналған жаңа ғимарат білім күнінде пайдалануға берілді. Бұл жерде бір уақытта 100 студент тұра алады.

Конституция күні облыста әлеуметтік маңызы бар бірқатар нысан пайдалануға берілді. Индер ауданы Бөдене ауылында 100 орындық балабақша ашылды. Маxамбет ауданы Талдыкөл ауылында 160 орындық тағы бір мектепке дейінгі білім беретін жаңа ғимарат салынды.

Жыл сайын өңірде жаңа мәдени нысандар ашылып жатыр. Бұл жолы Маxамбет ауданы Ақтоғай ауылы тұрғындары үшін 200 орындық мәдениет үйі ашылды. Ал Атыраудың іргесіндегі Томарлы ауылында 400 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Әлеуметтік маңызы бар нысандарды пайдалануға беру Конституция күнімен тұспа тұс келді.