Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға барды

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға барды

Қырғыз Республикасында Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммиті мен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткелі отыр.

©Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Шолпан Ата қаласынан хабарлады.

Қазақстан Президенті Шолпан Атада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммитіне қатысады.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбековпен кездесуі, сонымен бірге ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version